Ақтауда әйел көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға шағынаудандардың біріндегі №4 үйдің маңында болған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша тіркелді. Оқиғаның себептері анықталуда.
Бұған дейін марқұм болған әйелдің ішкі істер органдарында жұмыс істегені туралы ақарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті растамады. Тексеру барысында белгілі болғандай, марқұм Ақтаудағы банктердің бірінде жұмыс істеген. Отбасылы болған, бір баланы тәрбиелеп отырған.