Ақтаулық ағайындылар есірткі зертханасын ұйымдастырған

7 Сәуір 2023, 15:26 985

Маңғыстау облысының полицейлері есірткі зертханаларын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 сәуірде Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында екі ағайынды жігітті ұстады. Екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары, олар тұрғылықты жері бойынша және Ақтау қаласы аумағындағы жалдамалы пәтерлерінде есірткі зертханаларын ұйымдастырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37 және 39 жастағы күдіктілерден өзімен бірге және тұрғылықты жері бойынша марихуана есірткі затының бестен астам байламы тәркіленді. Сонымен қатар екі жалдамалы пәтерде марихуана өсіруге дайындалған және жарақтандырылған екі есірткі зертханасы табылды. Пәтерлерде фольга, шам, сорғыш, желдеткіштер, есірткіні пайдалануға арналған аспаптар, баклажкалар мен ыдыстар, сондай-ақ каннабис тобының (“марихуана”) 17 бұтасы және марихуана есірткі заты бар бір картон қорап тәркіленді, - делінген хабарламада.

Алынған марихуананың жалпы салмағы 5 келіден асады. Барлық тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

EL.KZ
Бөлісу: