Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтарының туыстары келді

29 Желтоқсан 2024, 16:13 881

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен Ринат Асановтың туыстары, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары мен медицина қызметкерлері қалаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Медицина мамандарының айтуынша, науқас ауруханаға бет-аузы қатты ісіп, ес-түссіз күйде жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, туған ағасын танығанын ишарамен білдірген.

Қырғызстан ТЖМ хабарлауынша, апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан және Әзербайжан ТЖМ-мен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Дәрігерлер бүгін зардап шеккендерді эвакуациялау мәселесі бойынша консилиум өткізіп, олардың жағдайын талқылады. Қазіргі уақытта екі азаматтың да жағдайы тұрақты, бірақ медициналық бақылау әлі де қажет.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: