20.09.2024
14:39
1314
Ақтауға Ресейдің әскери кемелері келді. Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Ақтауға Ресейдің әскери кемелері келді. Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – «Татарстан» зымыран кемесі Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Делегацияны Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды, - делінген ақпаратта.