Ақтаудағы жекеменшік балабақшадағы баланы ұрған жағдай желіде қызу талқыланып жатыр

19 Тамыз 2023, 16:25 704

Әлеуметтік желі беттерінде жекеменшік балабақшалардың біріндегі оқиғаның бейнежазбасы тарады. Зардап шеккен баланың анасы Instagram-ға жариялаған ақпаратында тәрбиешінің әрекетсіз жүргеніне наразы, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жазба авторы оқиғаның 2023 жылдың сәуір айында болғанын айтады. Бейнежазбадан балалардың бір-бірін аяқпен тепкенін, ал мұғалімнің "телефонға қарап отырып" оларға назар аудармағанын байқауға болады.

Баламды балабақшада екі апта бойы тәрбиеші ұрып-соққан. Балам қазір сөйлемейді. Мен сәуір айында арыз жазғам, бірақ тәрбиеші мен директор ұлымның алты ай бойғы мамандарға емделуіне ақша төлейміз дегеніне сеніп, оған қол қоймай, арызды кері алдым. Бұндай оқиға менде алғаш рет орын алды. Содан кейін олар мені алдаусыратып келді де, үш айдан кейін тәрбиеші "қалаған жеріңе бар" деп, уәдесінен тайды. Бірақ директор айтқанын орындады. Тәрбиешіден ерікті түрде ақша төлеуін сұрадым, бірақ ол мені бопсалады деп айыптап, қорқыта бастады. Ол өз әрекеті үшін кешірім сұрамады және балам моральдық зардап үшін өтемақы да алмадық, - деді зардап шеккен баланың анасы Әсем.

Әйелдің айтуынша, тәрбиеші қазір Жаңаөзен қаласындағы мемлекеттік балабақшада тәжірибеден өтіп жатыр.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: