Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолы жөндеу жұмыстарынан кейін қайтадан ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев қайта қалпына келтірілген «Жартасты соқпақ» жолын тексерді. Аталған соқпақ жол осыған дейін жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабық тұрған еді. Демеушілердің көмегімен жартасты соқпақ жолының 60 метр аумақты қамтитын маршруты өзгертілді.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Келген жылымыз берекелі, қуанышқа толы жыл болсын деп тілеймін. Ақпан айында жартастағы соқпақта тас құлап сол үшін аталған жолды уақытша жапқан болатынбыз. Тұрғындардың сүйікті орны тез арада демеуші көмегімен іске қосылды. Демеуші азаматқа рақметімді айтамын, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.