25.12.2024
15:22
1269
Ақтаудағы ұшақ апаты: мәйіттер палаткаларға орналастырылады

Ақтаудағы ұшақ апаты: мәйіттер палаткаларға орналастырылады

Ұшақ апатынан қайтыс болғандарды Ақтау қаласындағы 1 шағынауданда орналасқан мәйітханаға тасып жатыр,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, мәйітханасында орын болмағандықтан ғимарат аумағындағы палаткаларға орналастырылып жатыр.

Бұған дейін, ұшақ апатынан тірі қалғандардың тізімін жариялаған  едік.  Сонымен қатар, 4 мәйіт тіркелді. 11 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.