Ақтаудағы ұшақ апаты кезіндегі жедел көмек қалай көрсетілді

27 Желтоқсан, 19:41 469

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтауда ұшақ апаты кезінде көрсетілген алғашқы көмек туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары апаттық жағдай туралы келіп түскен хабарламаға жедел ден қойған.  №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі аға сержант Серіболат Оңғар және оның әріптестері дереу оқиға орнына келді.

Ұшақтың құлауына байланысты шақырту түскеннен бастап оқиға орнына тез арада жетіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірістік. Біздің ең басты міндетіміз өртті сөндіру болды. Жауынгерлік қанат жайып, ұшақтағы өртті толықтай сөндірдік. Зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне көмектестік. Өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай орындадық. Бұл оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деп Серіболат көз алдында болған оқиғаны еске алды.

Құтқарушылардың әрекеті нәтижесінде өрт толығымен сөндіріліп, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. ТЖМ қызметкерлерінің кәсібилігі мен жылдам реакциясы апаттың салдарын азайтуға және адамдардың өмірлерін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Перизат Саденова
Бөлісу: