Ақтауда битум өндіретін «Caspi Bitum» ЖШС-нің өндіріс аумағында төтенше оқиға тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Otpannews.kz-тің жазуынша, бүгін сағат 08:05-те «Caspi Bitum» ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шыққан.
Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен толықтай сөндірілді. Локализация жұмыстарына «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС бригадалары мен ТЖД-ның қалалық өрт сөндіру қызметі қатысты, - деп жазылған ақпартта.
Аталған оқиғадан ардап шеккендер тіркелмеген.