Ақтауда жол қозғалысының таңбалары жаңартылып жатыр

3 Наурыз, 20:48 539

Ақтауда жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында орталық автомобиль жолдарында жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолақтары сызылуда. Мердігер компания биыл 36 000 м2 жол таңбасын жаңартуды жосларлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда №1 автомобиль жолы, №14 және №1 автомобиль жолының қиылысындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтары сызылып жатыр. Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар ең алдымен орталық автомобиль жолдарында жүргізіледі. 

Жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Былтыр мердігер компания бекітілген сызбаға сәйкес 33 000 м2-тан астам жол таңбасын жаңартты. Биыл 36 000 м2 жол таңбалары мен жаяу жүргіншілер жолағын сызуды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстар қазан айына дейін жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.

Перизат Саденова
Бөлісу: