08.06.2024
22:12
1087
Ақтауда жол бойында тұрған көлік өртенді

Ақтауда жол бойында тұрған көлік өртенді

Маңғыстау облысының құтқарушылары жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласында жол бойында тұрған жеңіл көлік өртенген.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 15 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Ведомство өкілдері төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласуды сұрайды.