Ақтауда жеңіл көлік пен жедел жәрдем соқтығысты

30 Тамыз 2023, 12:23 684

Ақтау жеңіл жедел жәрдемге жол бермеудің салдарынан апаттық жағдай тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі   mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«ВАЗ-21006» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде негізгі жолмен жүріп келе жатқан «Hyundai H350» көлігіне, яғни жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. 

Көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, қазір дәрігерлердің бақылауына алынған. 

Сондай-ақ, жеңіл автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Асқар Таудай
Бөлісу: