Ақтауда жеңіл көлік отқа оранды

9 Шілде 2023, 14:26 868

Ақтауда мерседес маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті. Оқиға  32 б шағынауданы 16/3  құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды. 

Өртті жоюға 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтауда, - деді қалалық басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Асқар Таудай
Бөлісу: