Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсМаңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері 88 жастағы науқастың жүрегіндегі электрокардиостимулятор құрылғысын 30 минутқа тоқтатып, өттегі тасты алу үшін ЭРХПГ операциясын жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Эндоскопист дәрігер Бауыржан Танауовтың айтуынша, науқас хирургия бөліміне іштің қатты ауырсынуына, тері жамылғысының, көз склерасының сарғаюымен ауыр жағдайда келіп түскен. Науқастың биохимиялық қан талдауында жалпы билирубиннің шамадан тыс уыттануы байқалды. Яғни, қалыпты жағдайдағы билирубин 20мкмоль/л деңгейінде болса, науқаста 250 мкмоль/л деңгейіне дейін артқан.
2014 жылы науқастың жүрегіне тоқтаусыз жұмыс істейтін электрокардиостимулятор аппараты қойылған. Бұл өз кезегінде МРТ арқылы диагностика, операция жасауға кедергі келтіреді. Десе де хирургиялық команда консилиумде науқастың жас ерекшелігін, қосалқы жүрек ақауын, анестезиологиялық наркоз әсерін, сонымен қатар іш қуысына көлемді араласудың қиындығын ескеріп, аз инвазивті эндоскопиялық ЭРХПГ операциясын наркозсыз жасауға шешім қабылдады, - деді дәрігер Бауыржан Танауов.
Операция барысында денеге жалғанатын тоқ жүйесі электрокардиостимулятордың жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан кардиолог дәрігер Абай Қазиевтің қатысуымен жүректегі құрылғы жарты сағатқа уақытша сөндірілді. Ал эндоскопист, хирург дәрігерлер отыз минут ішінде ауыз арқылы өтетін арнайы дуоденоскоп көмегімен 2,2 см тасты өт жолынан сәтті алды. Айта кетейік, науқас операция соңына дейін ояу күйде болды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды