Ақтауда жастарға арналған кәсіптік курс аяқталды

20 Шілде, 22:45 860

Маңғыстау облысында жастар ресурстық орталығының қолға алуымен жұмыссыз жастар арасында мобилография курсын ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш күнге созылған мамандыққа баулу сабағына өңір бойынша 30 адам қатысты. 

Аталған шеберлік шыңдап, кәсіп үйрену сабағына қатысатын жастарды іріктеу барысында төрт жүзге тарта өтінім түскен. Алайда олардың арасынан тек санаулы ғана бөлігі таңдап алынып, декреттік демалыстағы аналарға басымдық берілген. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бірнеше күнге созылған маңызды шара мәресіне жетті. Біздің орталыққа келіп түскен 395 өтінімнің ішінде студенттер, көп балалы отбасының балалары, жұмыссыз жастар, бала күтімімен отырған аналар көп болды. Ақылдаса келе солардың ішінен тек 30 адам сұрыпталып, 3 күндік курста білім алды. Бұл ретте негізінен басымдық декреттегі аналарға берілді. Сонымен қатар, көп балалы 2-3 отбасының баласы білім алды, - деді Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Бурхандинова. 

Оның сөзінше, мобилография курсына қатысқандардың ең үлкені 1990 жылғы болса, ең жасы 2008 жылы туған жасөспірім.

Зарина Арман
Бөлісу: