Ақтауда жасөспірім лифтіде 5 және 13 жастағы қыздарға шабуыл жасады

24 Қазан, 09:39 535

Ақтауда лифтіде он жеті жастағы жігіт 5 және 13 жастағы қыздарға шабуыл жасады дегшен күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың анасы оқиғаның қалай болғанын "НеМолчи.kz" қоғамдық қорына айтып берген. Оның сөзінше, оқиға 11 қазанда тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Жігіт қыздарды кіреберісте күтіп тұрған, содан кейін олармен бірге лифтке кірген. Қыздардың анасының айтуынша, жігіт өзінің жыныс мүшесін ашып, үлкен қызын ұстай бастаған. Артынша қыздар көшеге жүгіріп шығып, болған жайтты анасына айтып берген. Ал анасы оларды бірден учаскелік полиция қызметкеріне апарған. 

Камералар арқылы күдікті анықталған. Келесі күні, 12 қазанда ол сол жерде болғанын мойындаған, бірақ ештеңе істемегенін айтқан.

Қыздардың анасы полицияға арыз жазған. Ол сонымен бірге күдіктіні 16 қазанда өз ауласында көргенін айтқан. Сонымен қатар жас жігіттің туыстары оған келіп, арызды алуды өтінген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство фактіні растады. Сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: