Суға батып бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді 16 жастағы алматылық тұрғын құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада дауыл кезінде теңізде шомылып жүрген баланың суға қалай батып жатқаны көрсетілген.
Досы оны құтқармақ болған, бірақ қатты толқыннан құтқара алмаған. Содан кейін 16 жастағы Әмір Аббасовтың суға батып бара жатқан жасөсіпірімге көмекке ұмтылғаны белгілі болы.
Құтқарушы бала Алматыдан Ақтауға демалысқа келген көрінеді. Ол баланы су ішінде шашынан ұстап, кейін жағаға алып шыққан.