Ақтауда жаңа жылдық отшашуға 3 млн теңге бөлінді

25 Желтоқсан 2023, 19:16 1319

Биыл Ақтауда 31 желтоқсан күні ешқандай мерекелік концерт болмайды. Дегенмен теңіз жағалауындағы амфитеатр алаңында жаңа жылдық отшашу ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай атындағы мәдени-демалыс кешені өкілдерінің айтуынша, биыл қалада ешқандай жаңа жылдық кеш өткізілмейді. Алайда амфитеатр алаңына LED-экран орнатылып, мерекелік концерттер көрсетілмек. Ал сағат 00:00-де экраннан облыс әкімі тұрғындарды құттықтайды. Осыдан соң отшашу жоспарланған.

Биыл жаңа жылдық отшашуға 3 млн теңге қаражат бөлінді. Қазір күн салқын, ауырып жатқан балалар да көп. Сондықтан ешқандай коцерт ұйымдастырылмайды. LED арқылы республикалық арналардағы мерекелік бағдарламалар көрсетіледі, Президент құттықтауы болады. Жергілікті уақыт бойынша облыс әкімі маңғыстаулықтарды құттықтағаннан кейін фейерверк атылады,- деп жауап берді Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің директоры Әмірхан Құлбаев.

Әмірхан Құлбаевтың айтуынша, Ақтауда 31 желтоқсан күні жаңа жылдық концерт ұйымдастырылмағалы биыл – төртінші жыл. Айта кетейік, биыл жаңа жылдық шырша Ә. Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының алдына және 15ш/а амфитеатр алаңына қойылды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: