Ақтауда жағалаудан ұзап кеткен екі жасөспірімді құтқарушылар су ортасынан тауып алды

23 Шілде 2023, 13:54 1032

Ақтауда Каспий теңізінде жағадан бірнеше шақырымға ұзап кеткен екі жасөспірімді құтқарушылар аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 шілдеде  сағат 20.50 - де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы   Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткені белгілі болды. 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауып алған. 

Құтқарылған жасөспірімдер медициналық көмек қажет болған жоқ. Апаттық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.

Бұл ретте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар  департаменті  судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырып отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: