10.05.2023
18:25
2520

Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Ақтау аумағында заңсыз салынған тұрғын үйлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік орган жарыққа шығарған бейнежазбада құрылысты рұқсат құжаттары болмай бастаған компаниялардың тізімі көрсетілген.

Тізімге 46 тұрғын үй нысаны кірген.