Ақтауда ұрлық жасаған бала күтуші ұсталды

10 Ақпан 2023, 13:31 1330

Ақтауда пәтерінің кілтін бала күтушісіне сеніп тапсырған үй иесі құнды дүниелерінен айырылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үй иесі өз арызында 2022 жылдың 5 желтоқсаны мен 5 қаңтар аралығында белгісіз тұлға оның үйінен алтын сырға мен білезіктер, сондай-ақ 2 800 АҚШ доллары мен 140 мың теңге қаржысын қолды еткені туралы жазған.

Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді анықтап, ұстаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

EL.KZ
Бөлісу: