Ақтауда Ұлттық ұлан сарбазы көлік қаққан жаяу жүргіншіге көмек көрсетті

3 Қараша, 07:30 494

Ұлттық ұлан “Батыс” өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болып, зардап шеккен жаяу жүргіншіге алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағынаудандардың бірінде болған. Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сол маңда жүрген кіші сержант Шырақбаев апатқа куә болған. Ол уақыт жоғалтпастан, бірден көмекке асыққан. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді, – дейді ұландық сержант.  


Зарина Арман
Бөлісу: