Ақтауда тұрғын үйдің шатыры құлады: бір адам көз жұмды

11 Мамыр 2023, 14:03 1317

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінде шатыр құлады. Бір адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған. Олардың үшеуі де ПИК қызметкерлері екен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық ауруханада зардап шеккендердің бірінің аяғы сынғанын, екіншісін дәрігерлер тексеріп жатқанын мәлімдеді. Екеуінің де жағдайы тұрақты.

«Тұрғын үй инспекциясы» ММ ақпараты бойынша, жоспарлы жұмыстар барысында 9 ш/а 4-үйдің кіреберісіндегі шатыр құлаған. Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болды, тағы біреуі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі де «Татьяна» ПКСК қызметкерлері. Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз, – деп атап өтті Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сурет: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Мадина Асылбекова
Бөлісу: