Ақтауда төрт ай бойы ыстық су болмайды

19 Сәуір, 16:48 673

Ақтау төрт айға ыстық сусыз қалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Мұндай шешім қала әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісовтің төрағалығымен өткен штаб отырысында қабылданды.

МАЭК хабарламасында былай делінген:

Биылғы мамыр айынан бастап магистральдық жылу құбырларын қайта жаңартуға байланысты жазғы кезеңде қалаға ыстық су беру тоқтатылсын.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңіне сапалы дайындалу үшін «Ақтау қаласының магистральдық жылу желілерін қайта құру және салу» жобасы аясында «МАЭК» ЖШС-не тиесілі желілерді ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

 «МАЭК» ЖШС бұл шаралар қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалатынын ескертіп, осы жұмыстар барысында туындайтын қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды, - деп қосты мекемедегілер.

Облыс орталығында жылы беру маусымы 15 сәуірде аяқталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: