29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтауда Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Амфитеатр» алаңында «EDU FEST MANGYSTAU – 2025» оқу орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жәрмеңкенің басты мақсаты өңір жастарына, мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына еліміздің жетекші жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары туралы кең, сапалы әрі қолжетімді ақпарат ұсынып, кәсіби бағдар таңдауда қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл іс-шара оқушылар мен талапкерлердің қызығушылығы мен қабілетіне, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сай мамандық пен оқу орнын саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін тиімді алаң болады.
Іс-шара аясында қатысушылар жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларымен танысып, қабылдау шарттары, гранттар мен жеңілдіктер туралы нақты ақпарат ала алады. Сондай-ақ, мамандармен тікелей сұхбат арқылы көкейдегі сауалдарға жауап алып, кәсіби бағдарлау кеңестеріне ие болады, - деді Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Бурхандинова.
«EDU FEST MANGYSTAU–2025» жәрмеңкесіне 25 маусымда еліміздің отыздан астам жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындары қатыспақ. Оның ішінде Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан , Павлодар облыстары мен Шымкент қаларындағы ЖЖО бар. Жәрмеңке нәтижесінде өңір жастарының кәсіби бағдарлу деңгейін арттыруға, білім беру ұйымдары жаңа талапкерлермен байланыс орнатуды көздейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек