Ақтауда шетелдік дипломаттар сенбілік жасады

17 Қыркүйек 2023, 13:22 800

Маңғыстауға еліміздегі шетелдік елшілер келді. Бірінші кезекте олар өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетімен танысып, Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын қазіргі танымал Транскаспий көлік бағытын іске асыру үшін порттардың Экономикалық даму әлеуетін көруге Ақтау және Құрық порттарына барды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі  mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

20-ға жуық елдің елшілері – Еуроодақ, АҚШ , Жапония, Словакия, Румыния, Үндістан, Финляндия, Латвия, Литва елдері өңірдің әлеуетімен танысты. Бұл елдер белгілі бір дәрежеде Каспийдегі порттармен ынтымақтасады. Мысалы, Ақтау порты Латвияда порт крандарын сатып алады, ал бұрын Ақтау портында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізген бельгиялық компания Құрық портында да осындай жұмыстарды жүргізуге ниетті. Сонымен қатар, елшілер Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту жөніндегі бірінші халықаралық форумға қатысты. Сондай - ақ, олар Маңғыстаудың ең әдемі жерлерін аралады. Елшілер Бозжыраға барып, табиғаттың әсемдігіне, әсем көріністері мен кеңдігіне тәнті болды. Сондай-ақ дипломаттар жол бойындағы түйелермен суретке түсуге тырысты.

Біз Маңғыстауда көруге болатын нәрселердің ең аз бөлігін ғана көрсеттік, бірақ олар осыған да риза. Ал бүгін дипломаттар жағажайда Дүниежүзілік тазалық күніне орай қайырымдылық акциясын өткізіп, сенбілік жасады", - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Асқар Таудай
Бөлісу: