13.10.2025
21:08
450
Ақтауда сауда орындарында «әлеуметтік бұрыштар» ашылды

Ақтауда сауда орындарында «әлеуметтік бұрыштар» ашылды

Ақтау қаласында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын қолдау мақсатында қала аумағындағы ірі сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен жабдықталған «әлеуметтік бұрыштар» орнатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аталған бұрыштарда тұрғындардың күнделікті тұтынуына қажетті негізгі азық-түлік өнімдері төмендетілген бағамен сатылады. «Әлеуметтік бұрыштар» қаладағы ірі сауда нүктесінде — Дина, Altyn Food, Анвар, сондай-ақ  Дана супермаркеттерінде орнатылды.

Бұл бастама жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің өзара ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асырылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.