Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАқтауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаментінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шарада Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған 170-тен астам сарбаз бен матрос Отанға адал болуға ант берген. Іс-шараға департамент басшылығы, Шекара қызметінің ардагерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысып, оларды мерзімді әскери қызметтің маңызды кезеңіне өтуімен құттықтады.
Құрметті жас сарбаздар! Бүгін - өмірлеріңіздегі ерекше күн. Сіздер Отанға адал болуға ант бердіңіздер. Ендігі жерде еліміздің шекарасын қорғау — сіздердің қасиетті борыштарыңыз, -деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің Санат Жұманов.
Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар мемлекеттік шекараны қорғау міндеттерін орындау үшін қажетті әскери-есептік мамандықтарды меңгеруге кіріседі. Екі ай ішінде олар шекара қызметінің негіздерін оқып-үйренеді. Содан соң шекара бөлімшелеріне және күзет кемелеріне қызмет етуге жіберіледі.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?