Ақтауда патрульдік полицейлер суицидтің алдын алды

21 Ақпан 2023, 15:49 951

Ақтауда патрульдік полицейлер суицидтің алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.

20 ақпан күні сағат 23:30 шамасында “102” кезекші пультіне 22 шағын аудандағы үйлердің бірінің 4-қабатынан ер адамның секіргелі жатқандығы жөнінде шақырту келіп түсті.

Жағдайды оң шешу мақсатында оқиға орнына Мади Ақнияз бен Бөгенбай Төребек есімді қызмет инспекторлары болған патрульдік полицияның “Мираж-6” жасағы мен ауысымға жауапты рота командирі Жанғали Мурзабеков барған кезде, ер адам үйдің сыртқы бөлігінде терезе алдында отырған. Үй ішінде өзге де адамдар болған, алайда олар суицид жасамақшы болған азаматтың қасына жақындаудан қорқып, полиция шақырған.

Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпастан бірден әрекетке кірісті. Бірі оның секіруіне кедергі келтіріп астында қалып, ер адамды сөзге тартып, жасағалы тұрған әрекетінен бас тартуға үгіттесе, екеуі үйге көтеріліп ер адамды отырған жерінен түсіріп, құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, 38 жастағы ер адам ішімдік салдарынан осындай әрекетке барған. Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғандығын көрсетті.

EL.KZ
Бөлісу: