01.07.2025
01:18
705
Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті

Ақтауда өзбекстандық әскери сүңгуірлер дайындықтан өтті

Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлік оқу-жаттығу кешені базасында сүңгуірлік даярлық бойынша, соның ішінде Өзбекстан әскери қызметшілері үшін оқу-жаттығу жиындары өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бір апта ішінде әскери-теңіз базасының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен теориялық және практикалық курстарды қамтитын қарқынды дайындық жүргізілді.

Барлық қатысушылар кешенді дайындықтан өтіп, өз дағдыларын бағалады және одан әрі оқыту бойынша ұсынымдар алды,-деп түсіндірді сүңгуір және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы капитан-лейтенант Дәурен Мергенбаев.

Жиын қорытындысы бойынша оқудан өткен сүңгуірлерге сертификаттар табысталды.