18.10.2023
07:37
1070
Ақтауда өртке оранған пәтерден бірнеше адам құтқарылды

Ақтауда өртке оранған пәтерден бірнеше адам құтқарылды

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін сағат 17:28-де Ақтаудағы 8 ықшамаудан, № 19 үй мекен-жайы бойынша 3-қабаттағы 8 шаршы метр  балкон өртенді. 4 адам, оның ішінде 2 бала баспалдақ бойымен эвакуацияланды. Сағат 17:44-те өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құтқару жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, 3 техникалық бірлік,  3 жұмысшы жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.