12.08.2023
16:25
1820
Ақтауда өрт кезінде тұрғын үйден 50 адамды қауіпсіз жерге шығарылды

Ақтауда өрт кезінде тұрғын үйден 50 адамды қауіпсіз жерге шығарылды

Ақтауда тұрғынүйдегі өрт кезінде 50 адамды құтқару қызметі қауіпсіз аймаққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 12 тамызда сағат 13.40-та Ақтау қаласында 17 шағын ауданда "Грин плаза" тұрғын үй кешенінде пәтерлердің бірінен түтін болды. 

10 қабаттағы үйдің балконында төсек-орын жабдықтарынан от тиіп, соңынан үлкен өрт шықты. Тілсіз жаудан ардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдан келген залал 3 шаршы метрді қамтыды. Сонымен қатар, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 20 бала бары мәлім болды. 

ТЖД-дан 7 бірлік техника мен жеке құрамның 20 қызметкерін жұмылдырды.  Апаттар медицинасы орталығынан 1 бірлік техника және 4 қызметкер барса, ПД - 2 бірлік техника және 6 қызметкер оқиға орнына дер кезінде келді - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.