24.03.2024
01:31
1022
Ақтауда Наурыз мерекесінен кейін 35 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда Наурыз мерекесінен кейін 35 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарадан кейін коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға 6 техника мен 35 адам жұмылдырылды.

Қалада санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Коммуналдық мекеме қызметкерлері теңіз жағалауынан 35 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Санитарлық тазалық жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.