Ақтауда мереке күні алып бала дүниеге келді

9 Наурыз, 15:55 7012

Халықаралық әйелдер күнінде Ақтаудағы перинаталдық орталықта 22 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні тоғыз қыз және 12 ұл бала өмірге келген.

Солардың ішінде ең алып сәбидің салмағы - 5 380 грамм, бойы - 60 сантиметр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: