Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр

10 Маусым 2023, 18:17 748

Бүгін Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап, балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зардап шеккен бала қазір ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр. 

Бала жансақтау бөлімінде жатыр, тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы - өте ауыр, терісі - бозғылт. Науқас ес-түссіз комада жатыр. Қажетті тексерулер жүргізілді. Әрі қарай ем қабылдайды, - деді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Жүсіповна.

Оқыс оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында 6 шағынаудандағы №24 үйде болды. Куәгерлердің айтуынша, бесінші қабаттағы пәтерде үш бала ата-анасыз қалған. \

Ойын баласының бірі ашық терезеден құлап кеткен. Ал қалған балаларды полиция өздерімен бірге алып кеткен.

Асқар Таудай
Бөлісу: