21.05.2023
13:15
1679
Ақтауда Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған шара өтті

Ақтауда Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған шара өтті

Ақтауда Әзербайжан халқының ұлт көшбасшысы, Әзірбайжанның Республикасының үшінші президенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
 
Аталған іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының басшысы Эльчин Маммадов пен Ақтаудағы әзірбайжан диаспорасы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
-Әрбір халықтың, елдің, этностың және бүкіл адамзаттың тарихында құрметті орын алатын тұлғалары бар. Олар өткеннің беттерінде өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар. Осындай тұлғалардың бірі - Гейдар Әлиев. Гейдар Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға, - деді өңір басшысы.
 
Кешті Әзербайжан Республикасының Халық әртісі Натиг Ширинов бастаған "Натиг" ритм-тобы мен әзірбайжандық «Мирвари» би тобы ашып, концертте сондай-ақ, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі, Әзірбайжанның еңбек сіңірген әртісі Шахрияр Иманов өнер көрсетті.
 
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 7 мыңға жуық әзірбайжан этносының өкілдері бар. Олар өңірімізді мекен еткен өзге де этнос өкілдерімен ауызбіршілік пен достық қарым-қатынаста. «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі.