Ақтауда ер адам әйелін бауыздамақ болды: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

15 Шілде, 11:03 1127

Маңғыстау облысында әйелін пышақтамақ болған ер адамды ұстауға қатысқан полицейлерге қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін хабарлады. Ведомство мәліметінше, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастағаны хабарланды. Көп өтпей ер адам ұсталып, ақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: