26.03.2024
23:25
1061

Ақтауда екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін 26 наурызда сағат 18:20-да болған. Қызыл жалын аумағы - 150 шаршы метр.

Өрт сағат 19:06-да сөндірілді. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 5  техника жұмылдырылды.

Төтеншеліктер өрт кезінде зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.