Ақтауда дүкенге соқтығысқан автокөлік айыптұраққа қойылды

20 Қараша, 23:47 397

Ақтауда 27 шағынауданда автокөлік дүкенге соқтығысып, сатушы жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

13:00 шамасында 27 шағынаудан 3-үйге қарсы тас жолда мемлекеттік белгісі 521 "Ниссан Тиана" автокөлігінің жүргізушісі денсаулығы сыр беріп, 4-үйдің алдында тұрған дүкенге соғылды. Соққы салдарынан дүкеннің сатушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды, - деп жазылған қалалық полиция басқармасының мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: