Ақтауда «Бірлік күніне» орай мотошеру ұйымдастырылды

1 Мамыр, 22:48 503

Ақтауда 1 мамыр Қазақстан халқының бірілігі күніне орай мотошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға 150-ге жуық мотоцикл жүргізушісі қатысты. Мотоцикл жүргізушілері көк байрақты желбіретіп, жарты сағат көлемінде қаланы аралады. Шара басталмас бұрын қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мотоцикл жүргізішілеріне жолдағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Мотошеру Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің және «Горгоны» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Мотошеру арнайы 1 мамыр Қазақстан халықының бірілігі күніне орай ұйымдастырылды. Мотоцикл жүргізушілері «Ақбота» саябағынан  бастап «Ынтымақ» алаңына дейін көк байрақты желбіретті. Баршаңызды 1 мамыр бірлік күнімен құттықтаймын. Еліміз аман болсын, - деді мотошеру ұйымдастырушыларының бірі Владислав Фисенко.

Сонымен қатар, мотоцикл жүргізшілері мен қала тұрғындары арасында арқан тартыс ұйымдастырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: