Ақтауда балабақша маңында ер адам пышақ жарақатын алды

29 Қаңтар, 11:08 906

28 қаңтар күні Ақтаудағы «Дарын» жекеменшік балабақшасының маңында бірнеше адам төбелескен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz мәліметінше, үш ер адам өзара төбелесіп қалып, солардың біреуі екіншісін пышақтамақ болған, үшіншісі екеуін ажыратуға тырысыпты. Салдарынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылды.

Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.

Көп ұзамай күдікті ұсталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: