Маңғыстауда супермаркет алдында әйелін бауыздамақ болған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 шілдеге қараған түні «Рахат» супермаркетінің алдында болған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге мәлімет жария етілмейді, - делінген полиция мәліметінде.