Ақтауда аурухана өртенді

21 Қыркүйек 2023, 11:15 1068

Алты қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.

20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды, - делінген баспасөз мәліметінде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: