Ақтауда атыс болды

17 Мамыр 2023, 10:29 835

Әлеуметтік желіде Ақтауда атыс болғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Оқиға 16 шағын ауданда болған, сол жерден гильзалар да табылған.

16 мамыр күні сағат 00:37 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағын ауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жарақат алғандар жоқ. Ал бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: