10.01.2025
13:19
904
Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды

Ақтауда әскери-тергеу басқармасының басшысы ұсталды

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы басшысының ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰҚК-тің мәліметінше, әскери-тергеу басқармасы басшысы пара алу күдігіне іліккен.

Қылмыстық кодекстің 366 бабына сәйкес «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.