Ақтауда 7 жасар қыздың саусағын эскалатор кесіп кетті

4 Наурыз, 09:50 703

Ақтауда сауда үйлерінің бірінде жеті жастағы қыз бала эскалаторға мінер кезде қолынан жарақат алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған қыз бала дәрігердің көмегіне жүгінгенін мәлімдеді. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына саусағын кесіп алған 7 жастағы қыз бала жеткізілген.

Дәрігерлер саусағын аман алып қалу үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасады. Оған тиісті медициналық көмектің барлығы көрсетілді. Ал саусағының тұтастығына қатысты алдын ала болжам жасауға ерте, - делінген хабарламада.

Қазір науқас реабилитационарлық ем-дом қабылдап жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: