26.02.2024
09:53
1342
Ақтауда 65 млн теңгеге жөнделген ескерткіш қирап жатыр

Ақтауда 65 млн теңгеге жөнделген ескерткіш қирап жатыр

Ақтау қаласындағы Тобанияз Әлниязұлының ескерткішінің тұғыры қирап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары тұғырдағы кейбір қаптама тақтайшалар сынған және қалпына келтіруді қажет ететінін айтады.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған ескерткішті жаңартуға 65 313 ​​642 теңге жұмсалған.