Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлы Ақтау маңында болған ұшақ апатын тергеу жұыстарына түрік мамандары да көмектесетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Anadolu агенттігіне берген сұхбатында ол тергеуге Түркиядан 8 маман қатысатынын алға тартты. Ол Әзербайжанның өтініші бойынша құрылған топ бүгін іске кірісетінін де алға тартты.
Техникалық және эксплуатациялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз, - деді ол.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан әуе кемесі Ақтау маңында апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қайтыс болды.