Ақтаудағы ұшақ апатының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.
Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды, - делінген.
Зардап шеккен 14 адамды Әзербайжан делегациясының екі бортымен жіберу жоспарлануда.