Бакуден Ресейдің Грозный қаласына қарай ұшып бара жатқан ұшақ Ақтау қаласына жақын маңда құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі әуе кемесі Әзербайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенін айтты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған.
Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі, - делінген ақпаратта.
ТЖМ мәліметінше, Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды.
Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар, - делінген мәліметте.
ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны іске қосылды: 8/7292/319099